Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Елена Рыбакина сүйікті қалаларын атады

Қазақстандық теннисші Алматыны өзіне ерекше жақын қалалардың бірі ретінде атап өтті.

Елена Рыбакина сүйікті қалаларын атады
snob.ru

Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өзіне ерекше жақын төрт қаланы атады.

Қытайлық жанкүйерлерге арналған арнайы жобада ол Ресей, Қазақстан, Австралия және Ұлыбританиядағы қалаларды таңдады.

Алматы Рыбакинаның сүйікті қалаларының қатарында

Теннисшінің тізіміне Мәскеу, Алматы, Мельбурн және Лондон енді.

"Мәскеуді атар едім, өйткені сол жерде дүниеге келдім. Алматыны жақсы көремін. Мельбурн мен Лондонда достарым көп, ал Лондонда Уимблдонды жеңдім", – деді Рыбакина.

Осылайша, қазақстандық теннисші Алматыны өзіне ерекше жақын қалалардың бірі ретінде атап өтті.

Рыбакина кортқа қашан оралады?

Елена Рыбакинаның соңғы турнирі Бейжіңдегі WTA 1000 жарысы болды. Ол екінші айналымдағы алғашқы матчында күтпеген жерден жеңіліп қалған еді.

Алдағы уақытта қазақстандық теннисші Нинбодағы турнирде кортқа оралады деп күтілуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?