Александр Бублик Шанхайда камбэк жасап, 1/8 финалға шықты
Қазақстандық теннисші Шанхайдағы ATP 1000 турнирінің үшінші айналымында америкалық Брэндон Накасиманы жеңді.
Екі тай-брейкке созылған тартыс
ATP рейтингінде 22-орында тұрған Бублик әлемнің 18-ракеткасы Накасимамен кездесті.
Бірінші сет тай-брейкке ұласып, америкалық теннисшінің пайдасына аяқталды — 6:7 (7:9). Екінші партияда қазақстандық теннисші 6:3 есебімен жеңіп, таразы басын теңестірді.
Шешуші сетте де қарсыластар жеңімпазды тай-брейкте анықтады. Бұл жолы Бублик басым түсіп, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.
Қорытынды есеп — 6:7 (7:9), 6:3, 7:6 (7:5). Кездесу 2 сағат 28 минутқа созылды.
Бублик Шанхайдағы жорығын жалғастырады
Александр 1/8 финалға шығу арқылы 105 720 АҚШ доллары көлеміндегі сыйақы мен 100 рейтингтік ұпайға иелік етті.
Бублик Шанхайдағы алғашқы матчында ATP рейтингінде 75-орында тұрған чехиялық Томаш Махачты 6:4, 7:6 есебімен жеңген.
Биыл Shanghai Masters турнирінің жалпы жүлде қоры 9 415 725 АҚШ долларғс тең. Ерлер арасындағы жекелей сында жеңімпаз атанған теннисші 1 151 380 АҚШ долларын және 1000 рейтингтік ұпай алады.