ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Рингтен де тыс шебер. Төрехан Сабырханның ерекше видеосы желіде тарады (ВИДЕО)

Қазақстандық жас боксшы, Азияның төрт дүркін чемпионы Төрехан Сабырхан рингтегі шеберлігімен ғана емес, күнделікті өмірдегі икемділігімен де таңқалдыруда.

Рингтен де тыс шебер. Төрехан Сабырханның ерекше видеосы желіде тарады (ВИДЕО)
Instagram/@sabyrkhantorekhan

Әлеуметтік желілерде таралған бір видеода Сабырхан ауыл шаруашылығы жұмыстарын ерекше шеберлікпен атқарып жатқанын көруге болады.

Желідегі кадрлардан оның рингтегі жылдамдығы мен техникасын бейімдеп, дала жұмыстарына икемдеп қолданғанын аңғаруға болады. Видео жанкүйерлер мен интернет қолданушылардың қызығушылығын оятып, спортшының көпқырлы тұлға екенін дәлелдеді.

Төрехан Сабырхан өткен аптада кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Астанадағы бокс кешінде ол чехиялық қарсыласы Иржи Хаукені (4-7, 2 КО) үшінші раундта нокаутқа түсіріп, кәсіби рингтегі жарқын дебют жасады. Бұл жекпе-жек оның жоғары техникалық деңгейін және рингке деген дайындығын айқын көрсетті.

Төреханның бауыры — Махмуд Сабырхан да бұл бокс кешінде алғашқы кәсіби жекпе-жегін өткізді. Ол вьетнамдық қарсыласы Дан Дак Хайнхты (2-2, 2 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, өз атын спорт әлемінде таныта бастады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.