UFC тарихында тұңғыш рет! Турнир Бакуде өтеді
Әзербайжан UFC турнирін қабылдайтын 29-шы мемлекет атанбақ.
Oxu.Az
Баку Crystal Hall аренасы 2025 жылдың 21 маусымында аралас жекпе-жек тарихындағы айтулы оқиғаның куәсі болмақ. UFC алғаш рет Әзербайжан астанасында турнир өткізетінін ресми түрде расталды.
Осылайша, Әзербайжан UFC турнирін қабылдайтын 29-шы мемлекет ретінде тарихқа енеді. Бұл келісім аралас жекпе-жек жанкүйерлеріне Кавказ аймағында әлемдік деңгейдегі бәсекені тамашалау мүмкіндігін сыйлайды.
Басты жекпе-жек – жартылай ауыр салмақта
UFC Fight Night 260 турнирінің басты жекпе-жегінде:
- Джамаал Хилл – жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы
- Халил Раунтри (кішісі) – рейтингте 7-орында тұрған қарымды файтер
Екеуінің кездесуі жанкүйерлер арасында ерекше қызығушылық тудырып отыр. Хилл чемпиондық атақтан айырылғалы бері қайтадан белсенділік танытып, өз деңгейін дәлелдеуге дайын. Ал Раунтри үшін бұл – мансабындағы басты мүмкіндік болмақ.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet