Шерзод Давлатовтың "иппон" әдісі өзбекті сұлатып түсірді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Дзюдодан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан тағы бір медаль иеленді. Бұл жолы ел намысын қорғаған Шерзод Давлатов татамиде тамаша өнер көрсетті.

Шерзод Давлатовтың "иппон" әдісі өзбекті сұлатып түсірді (ВИДЕО)
olympic.kz

60 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Давлатов жартылай финалда Қытай Тайбэйінің өкілі Ян Юн Вэйге есе жіберді. Айта кетсек, қарсыласы:

  • Токио-2020 Олимпиадасының күміс жүлдегері,
  • 2024 жылғы әлем чемпионатының финалисі.

Бірақ Шерзод бұл жеңілістен кейін мойымай, өз мүмкіндігін кіші финалда толық пайдаланды. Қола медаль үшін болған белдесуде Давлатов Өзбекстанның балуаны Бахром Ботуровпен кездесті.

Шерзод кездесуді агрессивті бастады, алайда шидо ескертуін алды. Кейін басымдықты өз қолына алып, қарсыласын “иппон” әдісімен жеңді. 

Осылайша, Шерзод Давлатов 2025 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір