Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Азия чемпионаты. Даниял Шалқарбай үнді боксшысын ойсырата жеңді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
25.04.2025, 16:24

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан 15 және 17 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының ширек финалында Даниял Шалқарбай керемет жеңіске жетті. 

sportarena.kz
sportarena.kz

Даниял Шалқарбай 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үндістандық Анант Десмухпен жекпе-жек өткізді. Азия чемпионатының медалі үшін болған бұл айқаста төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандыққа берді. 

Осылайша, Шалқарбай Азия чемпионатының кем дегенде қола жүлдесіне ие болды. Алда жартылай финалдық кезең бар. Онда жеңіске жетсе, финалға жолдама алады.

Айта кетейік, бұл чемпионат – World Boxing ұйымының тікелей ұйымдастыруымен алғаш рет өтіп жатқан Азия біріншілігі. Бұған дейінгі барлық Азия чемпионаттарын бүлікке ұшыраған IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) өткізетін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір