Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Алты нокаут. Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионатын 100% нәтижемен аяқтады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында жастар арасындағы Азия чемпионатының финалдық кезеңінде қазақстандық боксшы қыздар тарихи нәтиже тіркеді. Олар 12 салмақта финалға шығып, барлық алтын жүлдені иеленді.

Алты нокаут. Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионатын 100% нәтижемен аяқтады (ВИДЕО)
instagram/@boxingkazakhstan

Алғашқы чемпион – Айым Таңқыбаева

Қазақстан құрамасының атынан шаршы алаңға шыққан Айым Таңқыбаева (48 кг) турнирдің алғашқы чемпионы атанды. Ол үндістандық Чанчал Кумариді 5:0 есебімен жеңіп, жеңісті бастаманы өзі бастап берді.

12 финал — 12 алтын, 6 нокаут

Финалдық бәсекелерде Қазақстанның барлық өкілдері жеңіске жетті. Оның ішінде 6 боксшы қарсыласын нокаутпен немесе техникалық нокаутпен жеңіп, чемпионат тарихына алтын әріппен енді.

Қазақстан боксшы қыздарының финалдағы толық нәтижесі:

  • 48 кг – Айым Таңқыбаева vs Чанчал Кумари (IBA-Индия) — 5:0
  • 50 кг – Сила Биболсынқызы vs Кашиш Малик (IBA-Индия) — 4:1
  • 52 кг – Рахмина Әбдумежитова vs Саранпорн Пхонпун (Таиланд) — 5:0
  • 54 кг – Жәнел Имантаева vs Тхом Ву Тхи (Вьетнам) — 5:0
  • 57 кг – Ақнұр Тұрсынғали vs Нгуен Бик Тхи (Вьетнам) — 5:0
  • 60 кг – Толғанай Қасымхан vs Аделя Асылбекқызы (Қырғызстан) — нокаут (2-раунд)
  • 63 кг – Алина Құдайгенова vs Арачиге Виджесингхе (Шри-Ланка) — техникалық нокаут (1-раунд)
  • 66 кг – Ақбота Есімбекова vs Гарима (IBA-Индия) — нокаут (1-раунд)
  • 70 кг – Мария Сидоренко vs Ви Ха Труонг (Вьетнам) — мерзімінен бұрын жеңіс (1-раунд)
  • 75 кг – Зарина Төлібай vs Зарина Асанова (Қырғызстан) — рефери тоқтатты (2-раунд)
  • 81 кг – Құралай Егінбайқызы vs Анушка Шарма (IBA-Индия) — техникалық нокаут (1-раунд)
  • +81 кг – Сәбина Жақсылық vs Гарг Приял (IBA-Индия) — техникалық нокаут (1-раунд)
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір