
Ташкенттегі Азия чемпионатында қазақстандық каратэшілер керемет нәтиже көрсетті.
Қазақстан құрамасының мүшелері:
өз салмақ дәрежелерінде қарсыластарын сенімді жеңіп, Азия чемпионы атанды.
Құрлықтық біріншілікке ересектер арасында алғаш рет қатысқан Даяна Даренская финалда жапондық Кама Цубасуды жеңіп, өзінің алғашқы халықаралық алтын медалін жеңіп алды.
Әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрқанат Әжіқанов финалда ирандық Мортеза Нематиді айқын басымдықпен жеңді. Бұл – оның халықаралық ареналардағы кезекті жетістігі.
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева бұл жолы да өз деңгейін дәлелдеді. Ол финалда жапон спортшысы Сумире Сугитуды жеңіп, алтын тұғырға көтерілді.
Осыған дейін кумитэ бағдарламасы бойынша Жоламан Биғабыл да Азия чемпионы атанған болатын. Осылайша, Қазақстан құрамасының алтын медаль саны төрткe жетті.