Таиландтағы бокс турнирі: Қазақстан қарсыластарын ойсырата жеңді, бірақ бір жеңіліс те бар
Бангкокта Thailand Open-2025 халықаралық бокс турнирінің екінші күні аяқталды. Бүгін шаршы алаңға Қазақстан құрамасының бес боксшысы шықты.
Ерлер арасындағы толық үстемдік
Қазақ жігіттері бүгін қарсыластарына еш мүмкіндік берген жоқ.Бәрі айқын жеңіспен (келесі кезеңге өтті:
- 50 кг: Нұрзат Оңғарұлы (Қазақстан) – Мұхаммед Расденал Хайкал (Малайзия) – 5:0
- 55 кг: Нұрсұлтан Алтынбек (Қазақстан) – Йошуа Холи Масихор (Индонезия) – 5:0
- 75 кг: Тимур Нұрсейітов (Қазақстан) – Велко Тан (Сингапур) – 5:0
Үшеуі де техникалық және тактикалық тұрғыдан қарсыластарынан айқын басым түсіп, ширек финалға сенімді жолдама алды.
Әйелдер құрамасынан аралас нәтиже
Қыздар арасында Гүлназ Бүрібаева (48 кг) өз қарсыласы Офелия Магноны (Филиппин) 5:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Оның жеңісі де жоғары деңгейдегі дайындықты көрсетті.
Бірақ Шахназ Исаева (57 кг) жергілікті спортшы Пунрави Руенростан (Таиланд) ұтылып қалды — 0:5. Бұл Қазақстан құрамасы үшін турнирдегі екінші жеңіліс болды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.