Ал керек болса! Қытайда кикбоксшы-роботтар арасында турнир өтті (ВИДЕО)
Адам тәрізді құлтемірлер рингке шығып, муай-тай стилінде бір-бірімен жұдырықтасты.
Қытайдың Ханчжоу қаласында адам тәрізді роботтар алғаш рет муай-тай стилінде рингке шығып, жекпе-жек өткізді. Олардың айқасы желіде қызу талқыланып жатыр. Бұл – болашақтағы киберспорттың жаңа форматы болуы мүмкін.
Unitree Fist King: Awakening деп аталған турнирде роботтар арнайы командалар арқылы басқарылды. Дауыстық нұсқаулықтарды қабылдай алатын жүйе арқылы роботтар хук, тізе соққысы сынды күрделі қозғалыстарды орындай білді.
- LiDAR сенсорлары мен тереңдік камераларымен жабдықталған
- Егер робот 8 секунд ішінде орнынан тұрмаса — жеңілді деп есептеледі
- Қозғалыс, тепе-теңдік және реакция жылдамдығы сынақтан өтті
Unitree G1 – техникалық сипаттама
Турнирде қолданылған Unitree G1 моделі алғаш рет 2024 жылы таныстырылған. Оның сипаттамалары:
- Салмағы: 35–47 кг
- Бойы: 127 см
- Жылдамдығы: 2 м/с дейін жетеді
Бұған дейін бұл робот адаммен жаттығу форматындағы жекпе-жекте де сыналған болатын.
Роботтар әлі де жетілдіруді қажет етеді
Қазіргі модельдер баяу қозғалады, ал реакция жылдамдығы әлі де шектеулі. Дегенмен, инженерлер болашақ турларда:
- Жылдамдықты арттыру
- Реакция сапасын жақсарту
- Көрерменге қызықты шоу ұсыну сияқты бағыттар бойынша жұмыс істеп жатыр.
Келесі тур желтоқсан айына жоспарланған, және ол көрермен үшін тартымды әрі жылдам форматта өтпек.