Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Таиландтағы турнирдің үшінші күні: чемпиондардың үстемдігі, үш жеңіс және үш сәтсіздік

Редактор Penalty.kz
26.05.2025, 18:39

Бангкок қаласында бокстан Қазақстан құрамасы үшін "Thailand Open-2025" халықаралық турнирінің үшінші күні жартылай табысты аяқталды.

vesti.kz
vesti.kz

Күндізгі сессия: бір жеңіс, екі жеңіліс

Алдымен жарыс алаңына шыққан Оразбек Асылқұлов (60 кг) ширек финалда жергілікті боксшы Тханпхансакон Каласиреге төрешілердің екі де бір есебімен жол берді. Жекпе-жек тартысты өткенімен соңғы шешім тай боксшының пайдасына шықты.

Оразбектен кейін шаршы алаңға шыққан Данияр Рахымбердиев (90 кг) Украина өкілі Евгений Павловскийді айқын басымдықпен жеңді. Барлық төреші Даниярдың пайдасына шешім қабылдады. Бұл Қазақстан үшін алғашқы жеңіс болды.

Ал қыздар арасында өнер көрсеткен Назерке Серік (65 кг) таиландтық Таная Сомнуекке есе жіберді. Ринг қожайыны жеңісті бірауызды төрешілер шешімімен өз есебіне жазды.

Кешкі сессия: Сабырхан – жартылай финалда, Графеева – сенімді жеңіс, Сапарбай – сәтсіздік

Кешкі кездесулерде төрт дүркін Азия чемпионы Төрехан Сабырхан (70 кг) филиппиндік Рональд Чавеске еш мүмкіндік қалдырмай жартылай финалға шықты. 

Ал аса ауыр салмақтағы Даниял Сапарбай рингте үндістандық Аншул Гиллмен кездесіп, барлық төрешінің шешімімен жеңілді. Қарсылас тактикалық артықшылығын толық пайдалана алды.

Кештің соңғы кездесуінде Азия чемпионы Виктория Графеева (әйелдер) сингапурлық Занн Чиді 5:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, келесі кезеңге өтті. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір