
Қазақстандық файтер Азат Мақсұмға қатысты төрешілер шешімін әділетсіз деп есептейді.
Қазақстандық ММА спортшысы, UFC жауынгері Асу Алмабаев өзінің инстаграм парақшасында Азат Мақсұм мен ресейлік Тагир Уланбеков арасындағы жекпе-жектің нәтижесіне қатысты пікір білдіріп, UFC ұйымының шешімімен келіспейтінін ашық айтты.
"Сен жеңдің, бауырым. 100 пайыз!" — деп жазды Алмабаев Мақсұмға қолдау білдіріп.
UFC on ABC 8 турнирі 20 маусымда Әзербайжан астанасы Бакуде өтті. Мақсұм мен Уланбековтің жеңіл салмақтағы үш раундтық кездесуі бірауыздан ресейлік спортшының жеңісімен аяқталды.
Алайда бұл шешім Crystal Hall аренасында отырған жанкүйерлер тарапынан үлкен наразылық туғызды. Көрермендер жекпе-жек соңында Уланбековке қарсы ысқырып, өз қарсылықтарын білдірді.
"Бұл — таза ұрлық. Мақсұм барлық раундта белсенді болды", — деп жазды жанкүйерлер әлеуметтік желілерде.
Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегі де белгілі болды. 26 шілде күні, UFC on ABC 9 турнирі аясында ол Абу-Дабиде (БАӘ) Өзбекстан өкілі Рамазан Темировпен сегізбұрышта жолығады.
Бұл жекпе-жек Асу үшін UFC-дегі беделін одан әрі арттыруға мүмкіндік болмақ.