ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Қазақстандық гүрзі жұдырықты "Канело – Кроуфорд" жекпе-жек кешінде жұдырықтасады

Ауыр салмақтағы нокаутер, Олимпиада ойындарының жүлдегері Иван Дычко 14 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін Сауль "Канело" Альварес – Теренс Кроуфорд бокс кешінде рингке шығады. 

Қазақстандық гүрзі жұдырықты "Канело – Кроуфорд" жекпе-жек кешінде жұдырықтасады
instagram/@ivandychko

Дычко – андеркарттың басты кейіпкерлерінің бірі

Иван Дычконың промоутері Зия Алиев бұл жекпе-жек жайлы "Наш Боец" YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді:

"Ваня шілде айында Питтсбургте бір жекпе-жек өткізеді. Сосын қыркүйекте" Канело – Кроуфорд" шоуында жұдырықтасады".

Соңғы жекпе-жегі тамаша нокаутпен аяқталды

Дычко соңғы рет 2024 жылдың тамыз айында рингке шығып, америкалық Крейг Льюисті (15-8-1, 8 КО) екінші раундта нокаутпен жеңген. Содан бері, яғни бір жылға жуық уақыт 34 жастағы боксшы үлкен рингке шықпады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.