Әлем чемпионы Азия чемпионатында Қазақстанға медаль сыйлады (ВИДЕО)
Санжарәлі Бегалиев жастар және 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы тарихи Азия чемпионатында ел қоржынына медаль салды.
Instagram/@boxingkazakhstan
Жекпе-жек ерте аяқталды
U-22 санатында 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан Бегалиев алғашқы жекпе-жегін Оңтүстік Корея өкілі Чжан Сён Умен өткізді. Бұл 1/4 финалдық айқас үшінші раундта ерте аяқталды. Рефери корейлік боксшыға нокдаун санап, артынша қарсылас бұрышы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Осылайша Санжарәлі Бегалиев жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.
Чемпионның жолы – титулдар мен табыстар
Санжарәлі – Қазақстан боксының жарық жұлдызы. Ол 2022 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы және 2024 жылы жастар арасындағы әлем және Азия чемпионы атанды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet