Расул Асанханов нокаутпен Азия чемпионатының финалына шықты (ВИДЕО)
Бангкокта World Boxing ұйымының жастар арасындағы алғашқы Азия чемпионатында (U19 және U22) қазақстандық боксшы Расул Асанханов сенімді жеңіске жетті.
Екінші раундта аяқталған айқас
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда ол тайваньдық Ен По Ченьге қарсв жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Екінші раундта Асанханов қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді, содан кейін төреші айқасты тоқтатуға мәжбүр болды.
Финалға жол
Бұл жеңіс Расул Асанхановқа тарихи турнирдің финалына жол ашты. Тайваньдық боксшы Ен По Чень болса, қола медаль иегері атанды. Айта кетейік, бұл чемпионат — World Boxing ұйымы өткізген жастар арасындағы Азия біріншілігінің тарихындағы алғашқы жарыс.
Бұл туралы не ойлайсыз?