
Британиялық боксшы Дензел Бентли қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлына әлеуметтік желіде ашық түрде үн қатты.
2022 жылы өткен алғашқы кездесуде Бентли WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуі үшін Әлімханұлымен шаршы алаңға шыққан еді. Сол бәсекеде төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіс Жәнібектің еншісіне жазылды.
Сол сәттен бері британиялық қайта жолығып, есе қайтаруды бірнеше мәрте ұсынған.
Жақында Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адамеске бағыттаған жазбасын жариялаған еді. Сол посттың астына Бентли:
"Өткенді ұмытып, қайтадан жұдырықтасайық. Сен қазір қайдасың?" – деп пікір қалдырды.
Бұл жазба бокс жанкүйерлерінің назарын бірден аударып, олардың арасында қызу талқыға түсті.
Қазір Дензел Бентли орта салмақтағы Ұлыбритания чемпионы. Сонымен қатар ол:
Осы жетістіктердің арқасында британиялық боксшы Жәнібекпен реванш өткізуге лайық екенін дәлелдеуге тырысуда.