UFC қазақстандық файтерді жұмыстан шығарып жіберді

Сарапшы, спорт журналисі

Әңгіме Азат Мақсұм туралы.

UFC қазақстандық файтерді жұмыстан шығарып жіберді
Азат Мақсұм. Фото: UFC

UFC аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақ жауынгері Азат Мақсұмды өз ростерінен алып тастады. Бұл туралы "Вестник ММА" телеграм-каналы хабарлады.

Қазақ файтері АҚШ өкілі Митч Рапосо (9-3) қарсыласымен ең жеңіл салмақта үш раундтық кездесу өткізді. Көпшілік күткендей Мақсұм емес америкалық спортшы сенсация жасап, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Бұл жекпе-жекте Мақсұм айқын фаворит саналған еді. Бірақ айқас соңында Митч Рапосо кәсіби мансабындағы оныншы жеңісін тіркеді. Ал Азат Мақсұм үшін бұл – үшінші жеңіліс.

Айта кетсек, бұл Мақсұмның UFC-дегі төртінші жекпе-жегі болды. Осылайша оның ұйымдағы көрсеткіші 1 жеңіс және 3 жеңіліс болып жаңарды. Ал қарсыласы Рапосо үшін бұл UFC-дегі үшінші айқас, енді оның рекорды 1-2 болып тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір