Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Геннадий Головкин тағы үш лауазымға үміткер болды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақ боксының аңызыГеннадий Головкин халықаралық World Boxing федерациясында бірден үш маңызды лауазымға үміткер ретінде тіркелді.

Геннадий Головкин тағы үш лауазымға үміткер болды
Sports24.kz

23 қараша күні Италия астанасы Римде өтетін Дүниежүзілік бокс конгресінде федерацияның жаңа басшылығы сайланбақ. Конгресте президент, вице-президент және директорлар кеңесінің жаңа мүшелері анықталады. Сол үміткерлердің қатарында — Қазақстан мақтанышы Геннадий Головкин.

GGG келесі үш лауазым бойынша кандидат ретінде тіркелді:

  • Президент: Геннадий Головкин, Мариолис Харилаос;
  • Вице-президент: Геннадий Головкин, Чайват Чотима, Мохамед Тума, Райан О’Ши, Иштван Ковач;
  • Директорлар кеңесі: Геннадий Головкин және тағы 11 халықаралық өкіл.

Барлық кандидаттардың құжаттары қазір тәуелсіз тексеру комиссиясында қаралып жатыр. Соңғы шешім федерацияның жарғысы мен сайлау ережелеріне сәйкес қабылданады.

Айта кетейік

World Boxing федерациясы — халықаралық спорт қауымдастығының ең маңызды құрылымдарының бірі. Бұл ұйымның жыл сайынғы конгресі әлем боксының даму бағытын, қаржылық ашықтықты және басқару құрылымын анықтайды. Биылғы конгрестің басты тақырыбы — жаңа президентті сайлау. 

Қазіргі президент Борис Ван дер Ворст әзірге уақытша атқарушы кеңес мүшесі ретінде қызметін жалғастырып отыр.

Головкиннің мансабы

Геннадий Головкин — Қазақстан спортының символына айналған тұлға.

  • Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері
  • Әлем чемпионы (2003)
  • Кәсіби рингте 44 жеңіс (36 нокаут) және тек 2 жеңіліс
  • Орта салмақтағы WBA, WBC және IBF белбеулерінің иегері

GGG соңғы жылдары спорттық мансабын басқарушылық және әлеуметтік бағыттағы жобалармен жалғастырып келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір