Белгілі Boxingscene.com порталы соңғы 15 жылдағы ең прессингтік (қысыммен жұмыс істейтін) боксшылар рейтингін жариялады.
Тізімге Қазақстанның аты аңызға айналған чемпионы, орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KO) да енді. Ол рейтингте екінші орынды иеленіп, Сауль “Канело” Альварестен (5-орын) жоғары орналасты. Ал тізімнің көшін ресейлік-канадалық боксшы Артур Бетербиев (21-1, 20 KO) бастады.
Boxingscene сарапшылары GGG туралы жоғары бағасын берді:
“Өзінің ең мықты жылдарында Головкин — көрермендер үшін нағыз шоу, ал қарсыластары үшін нағыз тозақ болды. Ол техникалық жағынан мінсіз, рингтегі жылдамдыққа емес, ақыл мен дәлдікке сүйенді.
Головкин қарсыласын рингтің шетіне қысып, жоғары қарқынмен жұмыс істеді. Оның соққылары ауыр, ал бокс интеллекті өте жоғары деңгейде еді. Ол шайқасты қалаған темпте жүргізіп, рингтегі кез келген жағдайға бейімделе алатын”, — деп жазды портал.
Сондай-ақ авторлар Головкиннің қарсыласына “қақпан құрып”, ауыр соққылармен жойқын финал жасау қабілетін ерекше атаған.
“GGG қарсыласын «құрбандық аймағына» кіргізіп, шешуші сәтті тамаша есептейтін. Ол соңғы онжылдықтағы ең табиғи шабуылшы боксшылардың бірі болды.”
Boxingscene.com нұсқасы бойынша үздік 10 прессингтік боксшы: