Балауса Мұздыман Instagram-дағы жазбасымен жанкүйерлерді елең еткізді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Балауса Мұздыман (рекорды: 9-0, 7 КО) әлеуметтік желіде жұмбақ жазба жариялап, көпшілік назарын өзіне аударды.
instagram/@muzdi__
"Жақында қайта ораламын": нені меңзеді?
Боксшы шетелдік сапардан бірнеше сурет жүктеп, астына қысқа ғана: "Жақында қайта ораламын" деп жазған. Жанкүйерлер бұл сөзді Балаусаның алдағы жекпе-жекке дайындығымен байланыстырып отыр.
Айта кетейік, Балауса 27 желтоқсанда Алматыдағы бокс кешінде өнер көрсетуі тиіс болған. Бірақ кездесуі мойын жарақатына байланысты кейінге шегеріліп, ресми түрде тоқтатылған еді.
Соңғы жекпе-жегі: техникалық нокаутпен жеңіс
Балаусаның соңғы жекпе-жегі былтыр қыркүйек айында өтті. Сол кезде үндістандық Мамта Сингхты (8-3-1, 4 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, кәсіби мансабындағы жеңіліссіз сериясын жалғастырды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet