Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Еркебұлан Тоқтар Данияр Елеусіновтің "шақыруына" жауап берді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық актер әрі ММА файтері Еркебұлан Тоқтар Олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусіновтің өзімен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтқан сөзіне реакция білдірді. 

Еркебұлан Тоқтар Данияр Елеусіновтің "шақыруына" жауап берді
коллаж penalty.kz

Спорттық қызығушылық жоқ, бірақ ақша жағынан тартымды

Инстаграмдағы пікірінде Еркебұлан Тоқтар Елеусіновтің ұстанымын түсінетінін және оған ренжудің қажеті жоқ екенін айтты.

Оның сөзінше, Данияр мәселені анық бөліп қарастырады. Қаржылық тұрғыдан — қызық, спорттық тұрғыдан — қызық емес. 

Тоқтар да дәл осындай ойда екенін жеткізді.

"Ол басқа деңгейде. Бірақ бұл – жұмыс" 

Еркебұланның пайымынша, мұндай айқаста спорттық бәсекелестік туралы айту қиын. Елеусінов — Олимпиада чемпионы, деңгейі мүлде бөлек. Өзі бір-екі раундқа төзе алғанымен рингте соққы жейтіні анық екенін жасырмайды.

Соған қарамастан Тоқтар мұның қаржылық жағынан тиімді екенін меңзеді. Ол мұны шоу-бокс пен медиа жекпе-жектердің табиғатымен байланыстырды.

"Джейк Пол да ұшағында қалтасы ақшаға толып отыр, иегі сынған болса да. Бұл да — жұмыс", — деді Тоқтар.

"Елеусіновке ұтылсам да — бұл мен үшін жетістік" 

Еркебұлан Тоқтар үшін ең маңыздысы — Елеусінов секілді есімі үлкен спортшымен бір рингке шығудың өзі тәжірибе әрі жетістік екенін атап өтті. Әсіресе, егер бұл жекпе-жек кештің басты айқасы болса.

"Данияр Елеусіновпен бір рингке шығып, тіпті басты жекпе-жекте жұдырықтасу — мен үшін жетістік", — деді ол.

Бұған дейін не айтылды?

Бұған дейін Данияр Елеусіновтен: "Еркебұлан Тоқтармен жекпе-жекке шығасыз ба?" деп сұраған. 2016 жылғы Олимпиада чемпионы шығуға дайын екенін, бірақ спорттық тұрғыдан қызық емес екенін айтқан еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір