ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

UFC қазақстандық файтердің дебютін ресми жариялады

UFC қазақстандық ММА жауынгері Әліби Ыдырыстың (10-1) промоушндегі алғашқы жекпе-жегін ресми түрде жариялады. 

UFC қазақстандық файтердің дебютін ресми жариялады
instagram/@alibi_idiris

Жекпе-жек қашан және қайда өтеді?

UFC Fight Night турнирі АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында, Toyota Center аренасында ұйымдастырылады. Кард АҚШ уақытымен 2026 жылғы 21 ақпанда өтеді (Қазақстан уақытымен — 22 ақпанға қараған түні).

Қарсыласы кім?

Әліби Ыдырыстың қарсыласы — ямайкалық файтер Оде Осборн (13-9). Айқас ең жеңіл салмақта өтуі жоспарланған.

Қазақстандық жауынгер соңғы рет 2025 жылы 16 тамызда (Чикаго) өткен UFC 319 турнирінде октагонға шығып, The Ultimate Fighter жобасының финалында америкалық Джозеф Моралеске (14-2) сабмишнмен есе жіберді. Бұл — Ыдырыстың кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісі. 

Осборн қандай формада келеді?

Оде Осборн соңғы жекпе-жегін 2025 жылы 10 тамызда Лас-Вегастағы турнирде өткізіп, аустралиялық Стив Эрцегке төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілді. 

Айта кетейік, Осборн бұған дейін, 2023 жылы Асу Алмабаевпен кездесіп, төрешілер шешімімен ұтылған. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.