Grand Slam: Қазақстандық дзюдошы финалға шықты

Сарапшы, спорт журналисі

Нұрқанат Серікбаев алтын медаль үшін Әзербайжан өкілі Туран Байрамовпен кездеседі. 

Grand Slam: Қазақстандық дзюдошы финалға шықты
NUR.KZ

Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam халықаралық турнирінде қазақстандық спортшы Нұрқанат Серікбаев финалға жолдама алды.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрқанат Серікбаев жартылай финалда испаниялық Давид Гарсия Торнені жеңіп, шешуші кезеңге өтті.

Енді қазақстандық дзюдошы алтын медаль үшін Әзербайжан өкілі Туран Байрамовпен кездеседі.

Басқа қазақстандықтардың нәтижесі

Турнирдің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасынан төрт спортшы татамиге шықты.

Қола үшін күрес жалғасады

Талғат Орынбасар (60 кг) жартылай финалда израильдік Ижак Ашпизге есе жіберді. Енді ол қола медаль үшін украиналық Артем Лесюкпен белдеседі.

Финалға өте алмағандар:

  • Мағжан Шамшадин (60 кг)
  • Ақылжан Жұбатқанов (66 кг)
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір