Қазақстандық дзюдошы Тбилисиде елді қуантты

Сарапшы, спорт журналисі

Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан Grand Slam-2026 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы жүлде үшін күресін жалғастырып жатыр.

Қазақстандық дзюдошы Тбилисиде елді қуантты
instagram/@kaz_judoteam

Талғат Орынбасар қола медаль иеленді

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан өкілі Талғат Орынбасар қола медаль үшін украиналық Артем Лесюкпен татамиге шықты. Белдесу өте тартысты өтті.

Кездесудің орта тұсында төрешілер видеоқайталаудан кейін алғашқы нәтижелі ұпайды қазақстандық дзюдошының пайдасына берді. Осыдан кейін Талғат Орынбасар басымдығын сақтап, жекпе-жекті жеңіспен аяқтады. Нәтижесінде Grand Slam турнирінің қола жүлдесін еншіледі.

Қазақстандық дзюдошы бұған дейін жартылай финалда Израиль өкілі Ижак Ашпизге есе жіберген. Соның нәтижесінде үшінші орынға таласуға мүмкіндік алды. 

Қазақстан құрамасының тағы бір финалы алда

Тбилисидегі турнирде Қазақстан атынан тағы бір спортшы алтын жүлде үшін белдеседі. 66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев финалда әзербайжандық Туран Байрамовқа қарсылас атанады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір