Қазақ боксының көшін бастаған өңірлер аталды

Сарапшы, спорт журналисі

Бокс федерациясының өкілі өңірлік дамудағы негізгі орталықтарды атап өтті. 

Қазақ боксының көшін бастаған өңірлер аталды
sportarena.kz

Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Қызайбай елдегі бокстың дамуына үлес қосып отырған жетекші өңірлерді атады.

Қызайбайдың айтуынша, Қарағанды өңірі тарихи тұрғыдан бокста мықты аймақ саналады.

"Қарағанды – дәстүрлі түрде күшті өңір. Мұнда өзіндік бокс мектебі қалыптасқан. Сондықтан біз бұл аймаққа ерекше көңіл бөлеміз. Қазіргі таңда жергілікті федерация да жақсы жұмыс істеп жатыр", – деді ол.

Сондай-ақ функционер өңірлік федерациялардың өз бетінше қаржы тауып, резервтегі спортшыларды халықаралық жарыстарға жіберіп жатқанын атап өтті.

Шымкент қарқынды дамуда

Дархан Қызайбай Шымкенттегі бокс федерациясының да жұмысын жоғары бағалады.

"Шымкентте бокс өте жақсы дамып келеді. Бұл өңір де алдыңғы қатарда", – деп атап өтті федерация өкілі.

Соңғы жылдары Қазақстанда аймақтық федерациялардың белсенділігі артып, жас спортшыларға халықаралық тәжірибе жинауға мүмкіндік көбейген.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан бокс федерациясының президенті – кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп. Ол бұл қызметке 2024 жылдың 4 ақпанында сайланды.

Дархан Қызайбай 2026 жылдың қаңтарынан бастап ҚФБ бірінші вице-президенті қызметін атқарып келеді.