Қазақ боксшысы алдағы айқасы үшін АҚШ-қа аттанды

Сарапшы, спорт журналисі

Мейірім Нұрсұлтанов Лос-Анджелеске барып, жаттығуын бастады. 

Қазақ боксшысы алдағы айқасы үшін АҚШ-қа аттанды
Vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBC рейтингінде орта салмақта бірінші орында тұрған Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-қа барып, алдағы жекпе-жегіне дайындықты бастады.

Спортшы Лос-Анджелес қаласынан фото жариялады. Суретте оның Том Брэдли атындағы халықаралық терминалда жүргені байқалады. 

Скриншот

Нұрсұлтанов бұған дейін АҚШ визасын алу оңай болмағанын айтқан. Оның сөзінше, 2025 жылы екі рет өтініш берген. Екеуінде де өтініші қабылданбаған. 

Алайда 17 сәуірде ол визасын алғанын хабарлап, дайындық үшін Америкаға аттанатынын мәлімдеген еді.

Мансаптағы маңызды кезең

Мейірім Нұрсұлтанов – қазіргі таңда WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы №1 үміткер. Ол доминикандық чемпион Карлос Адамеске қарсы титул үшін жекпе-жек өткізуге міндетті.

Қазақстандық боксшы соңғы рет 2023 жылдың 17 қарашасында Ташкентте (Өзбекстан) рингке шықты. Сол кездесуде ол чилилік Хулио Аламосты төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын.

Айта кетейік, Нұрсұлтанов кәсіби мансабын Солтүстік Америкада бастаған. Ол 2016–2019 жылдары АҚШ-та өнер көрсеткен.