Қазақстандық жас боксшы Ташкенттегі Азия чемпионатында келесі кезеңге өтті (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Әлібек Алпамыс алғашқы жекпе-жегінде сенімді жеңіске жетті. 

Қазақстандық жас боксшы Ташкенттегі Азия чемпионатында келесі кезеңге өтті (ВИДЕО)
instagram/@almaty_sdyushor_6

Қазақстандық боксшы 1/8 финалда мықтылығын көрсетті

17 жасқа дейінгі боксшылар арасында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан Әлібек Алпамыс 1/8 финалда үндістандық Пал Ханжра Жайдип Сингхпен кездесті.

Қазақ боксшысы жекпе-жекте қарсыласынан әлдеқайда жинақы әрі сенімді көрінді. Шабуылда белсенді боллы. Соққыларын дәл жеткізді және айқастың қарқынын өз бақылауында ұстады.

Төрешілер бірауыздан жеңісті Алпамысқа берді

Әлібек Алпамыс үш раунд бойы басымдықты қолдан бермеді. Қарсыласына бастаманы иеленуге мүмкіндік бермей, ұпай санын сенімді түрде арттырып отырды.

Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан Әлібек Алпамысқа берді. Есеп — 5:0.

Бұл жеңістен кейін қазақстандық боксшы Азия чемпионатының келесі айналымына жолдама алды. Ташкенттегі додада Қазақстан құрамасының жас боксшылары жүлделі орындар үшін күресті жалғастырып жатыр.