Өзбекстанмен жекпе-жектер: бокстан Азия чемпионатының бесінші күнінде рингке кімдер шығады?

Жекпе-жек шолушысы

Ташкентте жасөспірімдер мен жастар арасында бокстан Азия чемпионаты жалғасып жатыр.

Өзбекстанмен жекпе-жектер: бокстан Азия чемпионатының бесінші күнінде рингке кімдер шығады?
instagram/@boxingkazakhstan

Жарыстың бесінші күнінде Қазақстан атынан 10 боксшы шаршы алаңға көтеріледі. Олардың бірнешеуі өзбекстандықтармен жұдырықтасады.

Күндізгі сессия сағат 11:00-де басталады. Бұл бөлімде U17 санатындағы қазақстандық боксшылар ширек финалдық кездесулерін өткізеді.

46 келі, ширек финал

  • Милана Иншина — Зи Нгок Ха Лу (Вьетнам)

50 келі, ширек финал

  • Хатшепсут Сәдуақасова — Шименг Лу (Қытай)

52 келі, ширек финал

  • Лашын Дәулетжан — Маржона Худайбердиева (Өзбекстан)

Кешкі сессия сағат 15:30-да басталады. Бұл кезеңде Қазақстан құрамасының тағы жеті өкілі рингке шығады.

54 келі, ширек финал

  • Гүлбану Бекмұрат — Акан Емура (Жапония)

57 келі, ширек финал

  • Розалия Вайдеман — Мадинабону Худиярова (Өзбекстан)

60 келі, ширек финал

  • Балым Ғабитқызы — Хин Чен (Тайбэй)

63 келі, ширек финал

  • Алина Кожевникова — Мехримах Киличова (Өзбекстан)

75 келі, ширек финал

  • Диана Надырбек — Бао Нган Луонг (Вьетнам)

+80 келі, ширек финал

  • Әлнұра Қоңырат — Гурсират Каур (Үндістан)

46 келі, ширек финал

  • Аян Жандосұлы — Атабек Хожиев (Түрікменстан)

Биылғы Азия чемпионаты соңғы жылдардағы ең ауқымды құрлықтық додалардың бірі саналады. Ташкенттегі жарысқа Азияның 21 елінен 460-тан астам жас боксшы қатысып жатыр.