Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында нокаутпен медаль еншіледі

Бас редактор

Милана Иншина жарқын жеңіспен жартылай финалға шықты. 

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында нокаутпен медаль еншіледі
Offside.kz

Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан U15 және U17 жас санатындағы бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір жүлдені қамтамасыз етті.

46 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Милана Иншина ширек финалда вьетнамдық Тхи Нгок Ха Лумен кездесті.

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы айқын басымдық танытып, үшінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Соның арқасында өзіне кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті. 

Турнир туралы

Жасөспірімдер арасындағы құрлық біріншілігі 15 мамырға дейін жалғасады. Қазақстан бұл жарысқа жалпы саны төрт құрамамен қатысып жатыр.