Астанадағы Grand Slam жеребесі: Қазақстан дзюдошылары кіммен кездеседі?

Жекпе-жек шолушысы

8-10 мамыр аралығында Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің жеребесі тартылды. Жанкүйерлерді Өзбекстан өкілімен айқас, сондай-ақ Бекаури және Кокаури секілді мықты қарсыластармен белдесулер күтіп тұр.

Астанадағы Grand Slam жеребесі: Қазақстан дзюдошылары кіммен кездеседі?
NUR.kz

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Қазақстан құрамасының жеребе нәтижесі

Астанада өтетін Grand Slam жарысы қазақстандық дзюдошылар үшін өз жанкүйері алдында бақ сынайтын маңызды турнирлердің бірі болмақ. Жеребе нәтижесі бойынша әйелдер және ерлер құрамасының өкілдері әр салмақта алғашқы кезеңдегі қарсыластарын білді.

Төменде Қазақстан спортшыларының алғашқы белдесудегі қарсыластары ұсынылады.

Әйелдер арасындағы жеребе нәтижесі

48 келі

Диана Бүркеева — Дей Асмита (Үндістан)
Аяна Дүйсенбай — Франческа Милано (Италия)
Тасним Әбдуәли — Хелен Хабиб (Германия)
Іңкәр Құралбай — Марин Джили (Франция)

52 келі

Айшабибі Мурадинова — Нандин-Эрдэнэ Мугмарусен (Моңғолия)
Аружан Ережепова — Гая Стелла (Италия)
Фатима Сопағалиева — Илария Финестрон (Италия)
Меруерт Сәрсенова — Гал-Од Цэрэнтогтог (Моңғолия)

57 келі

Карина Қаракенова — Вита Майданик (Ресей)
Бақыт Құсқақбаева — Джессика Лима (Бразилия)
Дана Әбдірова — Шаннон Ван Де Меберг (Нидерланд)
Дина Мұханбет — Сейджа Баллаус (Германия)

63 келі

Асылжан Орынбасарова — Йоане Ван Лишот, Нидерланд
Самалай Ерғалиева — Катрин Бейчамин-Пинар (Канада)
Есмігүл Құйылова — Сара-Джо Бауэр (Германия)
Дәмелия Асылханова — Энхрилен Лхагватого (Моңғолия)

70 келі

Ажар Асхат — Инунганби Тахеламбам (Үндістан)
Мөлдір Нарынова — Джорджия Станкхерлин (Италия)

78 келі

Аруна Жангелдина — Юлия Дудинайте Мигл (Литва)
Екатерина Токарева — Карол Хименес (Бразилия)
Шынар Абатова — Александра Бабинцева (Ресей)
Салтанат Ахметова — Беатрис Фрейтас (Бразилия)

+78 келі

Аида Тойшыбекова — Жаргалма Энхмед (Моңғолия)
Камила Берліқаш — Леон Минкада-Какуену (Франция)
Ақерке Рамазанова — Тизиана Марини (Италия)
Назгүл Маратова — Тауана Силва (Бразилия)

Ерлер арасындағы жеребе нәтижесі

60 келі

Мағжан Шамшадин — Николас Кеутчер (Германия) / Ришар Вернес (Франция)
Талғат Орынбасар — Кан-Демир Суге-Мадыр (Ресей) / Луис Барросо Лопес (Испания)
Шерзод Давлатов — Турпал Хабибуллаев (Ресей) / Константин Семионидис (БАӘ)
Сұңғай Нұрлатұлы — Сунгат Буамбасурен (Моңғолия)

66 келі

Нұрқанат Серікбаев — Алексис Ренар (Франция)
Бауыржан Нарбаев — Келвин Рай (Франция)
Ақылжан Жұбатқанов — Ка Ки Вонг (Гонконг)
Ғұсман Қырғызбаев — Басит Рохит Малгул (Үндістан) / Вадим Чернов (Украина)

73 келі

Есет Қуанов — Арон Габор (Венгрия)
Аңсарбек Ғайнуллин — Ходжакбар Тошев (Өзбекстан)
Әнуар Жұмагелдин — Орынбаяр Отгерел (Моңғолия)
Нұрсұлтан Дүйсенхан — Арун Кумар (Үндістан)

81 келі

Мәди Амангелді — Вин Квок Ли (Гонконг)
Ерзат Арғынов — Владислав Колобов (Украина)
Жалғас Қайролла — Ратбек Жуманазаров (Қырғызстан)
Досхан Жолжақсынов — Габриэль Фалькао (Бразилия)

90 келі

Айдар Арапов — Мухаммадиқбол Тошов (Тәжікстан)
Барақ Арқабай — Гергели Нерпель (Венгрия)
Ақжол Дүйсенбаев — Борис Рутович (Сербия)
Айбол Нысаналы — Аслан Коцоев (Әзербайжан)

100 келі

Марат Байқамұров — Михейли Бекаури (Қырғызстан)
Бақжан Байтас — Макс Григори (Ұлыбритания)
Бейбіт Мәдеев — Алексей Ершов (Украина)
Асқар Біржанов — Джованни Феррейра (Бразилия)

+100 келі

Ғалымжан Қырықбай — Диан Сингх (Үндістан)
Еламан Ерғалиев — Марвин Гадеу (Монако)
Жантілек Нұртілеуұлы — Ушанги Кокаури (Әзербайжан)
Санжар Жаборов — Андрей Павлюков (Ресей)

Жұбаназар мен Шархан қатыспайды

Айта кетейік, Астанадағы Grand Slam жарысында Қазақстан құрамасының екі көшбасшысы — 81 келіге дейінгі салмақтағы Абылайхан Жұбаназар және 100 келіге дейінгі салмақтағы Нұрлыхан Шархан татамиге шықпайды.