Жәнібек Әлімханұлы "Канелоны" шаң қаптырып кетті

Бокс шолушысы

Жәнібек Әлімханұлы допингке қатысты дауға қарамастан әлемдік бокстың элитасындағы орнын сақтап қалды.

Жәнібек Әлімханұлы "Канелоны" шаң қаптырып кетті
sports24.kz

P4P рейтингінде үздіктер қатарында

Boxing Metrics жариялаған рейтингте Жәнібек Әлімханұлы әлемнің ең мықты боксшыларының қатарына енді. Qazaq Style лақап атымен танымал орта салмақ өкілі тізімде алтыншы орынға жайғасқан.

Рейтингтің көш басында жапониялық Наоя Иноуэ тұр. Екінші орында украиналық ауыр салмақ жұлдызы Александр Усик орналасса, үздік үштікті америкалық Теренс Кроуфорд түйіндейді. Төртінші сатыда Шакур Стивенсон, бесінші орында ресейлік Дмитрий Бивол бар.

Әлімханұлы Канелоны артта қалдырды

Бұл рейтингтің басты ерекшеліктерінің бірі — Жәнібек Әлімханұлы мексикалық супер жұлдыз Сауль “Канело” Альварестен жоғары орналасқан. Канело бұл тізімде тек сегізінші орыннан көрінді.

Осылайша қазақстандық боксшы әлемдік бокстағы беделді есімдердің бірін басып озып, орта салмақта ғана емес, жалпы P4P деңгейінде де жоғары бағаланып отырғанын дәлелдеді.

Допинг дауы және оның салдары

Жәнібек Әлімханұлының айналасындағы жағдай соңғы айларда күрделене түсті. 2025 жылдың желтоқсанында допинг сынамасынан мельдоний табылғаны айтылды. Осыған байланысты Эрисланди Лараға қарсы біріктіру жекпе-жегі өтпей қалды.

2026 жылдың қаңтарында B сынамасы да тыйым салынған заттың бар екенін растады. Ал 21 ақпанда WBO ұйымы Әлімханұлын 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін бір жылға жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдады. Дегенмен WBO белбеуі қазақстандық боксшының еншісінде қалды.

Допинг дауының салдары Жәнібек үшін ауыр болды. 10 наурызда ол IBF тұжырымындағы чемпиондық атағынан айырылды. Ал 13 сәуірден бастап аталған ұйым оны өз рейтингінен алып тастады.

Соған қарамастан Boxing Metrics сарапшылары Әлімханұлын әлемнің ең мықты боксшыларының қатарына қосып отыр.

Бентлимен ескі есеп

Жәнібек Әлімханұлы мен Дензел Бентли арасындағы текетірес те қайта талқыланып жатыр. Қос боксшының алғашқы кездесуі 2022 жылы өткен. Сол кезде қазақ боксшысы төрешілер шешімімен сенімді жеңіске жетті.

Қазір Бентли Әлімханұлына қатысты өткір мәлімдемелер жасап, реваншқа дайын екенін білдіруде. Бұл жағдай орта салмақтағы бәсекені одан әрі қыздыра түсті.

Әлімханұлының соңғы жекпе-жегі

Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет рингке 2025 жылдың 5 сәуірінде шықты. Ол франциялық Анауэль Нгамиссенгеден басым түсті.

Қазір Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы рекорды — 17 жеңіс, 0 жеңіліс. Оның 12 жеңісі нокаутпен аяқталған.