Қазақстандық боксшылар Бакудегі турнирде 15 медаль жеңді

Бокс шолушысы

Соның арқасында командалық есепте үздік үштікке енді. 

Қазақстандық боксшылар Бакудегі турнирде 15 медаль жеңді
Offside.kz

Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында халықаралық турнир аяқталды. Жарысқа жеті елден шамамен 200 былғары қолғап шебері қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша отандастарымыз үш алтын жүлдеге қол жеткізді:

  • 57 кг (қыздар) — Шұғыла Сламжан
  • 70 кг (ұлдар) — Әлиимран Алиев
  • +80 кг (ұлдар) — Рамазан Қазнабай

Финалға шыққан бес қазақстандық боксшы күміс медаль иеленді:

  • 46 кг (қыздар) — Дана Оразбекқызы
  • 66 кг (қыздар) — Ақерке Далабай
  • 70 кг (ұлдар) — Мереке Ерліхан
  • 75 кг (ұлдар) — Әділет Абдуллаев
  • +80 кг (ұлдар) — Нұрсұлтан Кемелхан

Жеті спортшы турнирді қола жүлдемен аяқтады:

  • Әлихан Сатыбаев (52 кг)
  • Бақдәулет Құралбай (54 кг)
  • Әлихан Аскаров (57 кг)
  • Досжан Таңсық (57 кг)
  • Нұрбақыт Төрегелді (63 кг)
  • Әлібек Мұрат (66 кг)
  • Әлішер Құрбанқожаұлы (75 кг)

Турнирдің үздік боксшысы

Қазақстандық Әлиимран Алиев жарыстың ең үздік боксшысы атанды. Оның сенімді өнері сарапшылар мен ұйымдастырушылардың жоғары бағасына ие болды.