Қазақстан Ташкентте өзбекстандық боксшыны медальсіз қалдырды (ВИДЕО)
Ташкентте бокстан U-17 жас санатындағы Азия чемпионатында Нұрислам Оңалбек ширек финалда Аслиддин Усубалиевпен жұдырықтасты.
Instagram/@boxingkazakhstan
Екі боксшы да жеңіс үшін барын салып, рингте жоғары қарқын көрсетті. Дегенмен үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақстандыққа берді.
Нұрислам Оңалбек қарсыласын 3:2 есебімен төрешілердің бөлінген шешімі арқылы жеңді. Осы нәтижеден кейін Азия чемпионатының кемінде қола жүлдеге қол созды.
Айта кетейік, биылғы құрлық біріншілігі World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы ұйымдастыруда. Жарыс соңғы жылдардағы ең ауқымды додалардың бірі саналады: оған Азияның 21 елінен 460-тан астам жас боксшы қатысып жатыр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet