Аңсарбек Ғайнуллин — Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің қола жүлдегері (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Отандасымыз 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль иеленді.

Аңсарбек Ғайнуллин — Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің қола жүлдегері (ВИДЕО)
Спортты дамыту дирекциясы

Молдова дзюдошысын жеңді

Ғайнуллин қола жүлде үшін өткен белдесуде молдовалық Влад Митрумен татамиге шықты. Шешуші кездесуде қазақстандық дзюдошы қарсыласынан басым түсіп, беделді жарыстың тұғырына көтерілді.

Бұл жеңіс Ғайнуллин үшін ерекше маңызды. Себебі бұл — оның Grand Slam сериясындағы алғашқы медалі.

Алғашқы жарыс күніндегі нәтижелер

Бұған дейін турнирдің алғашқы жарыс күнінде қазақстандық дзюдошылар бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Енді Аңсарбек Ғайнуллиннің жүлдесі ұлттық құраманың қоржынына тағы бір қола медаль болып қосылды.