Әбиба Әбужақынова "Құрмет" орденімен марапатталды

Жекпе-жек шолушысы

Қазақстан дзюдосының көшбасшыларының бірі Әбиба Әбужақынова жоғары мемлекеттік наградаға ие болды. 

Әбиба Әбужақынова "Құрмет" орденімен марапатталды
Спортты дамыту дирекциясы

Марапат Qazaqstan Barysy Grand Slam ашылуында табысталды

Астанада дзюдодан әлемдік деңгейдегі Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер және Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты.

Ресми рәсім барысында Ербол Мырзабосынов Қазақстан әйелдер құрамасының лидері Әбиба Әбужақыноваға "Құрмет" орденін табыс етті.

Әбиба Әбужақынованың басты жетістіктері

Әбиба Әбужақынова — Қазақстан әйелдер дзюдо құрамасының негізгі көшбасшысы. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап, әлемдік татамиде тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп келеді.

Дзюдошының еншісінде бірнеше ірі халықаралық жетістік бар:

  • 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесі — Будапешт, Венгрия;
  • 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесі;
  • 2024 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесі;
  • Париж-2024 Олимпиадасының жартылай финалы;
  • IJF рейтингіндегі көшбасшылық — 2025 жылғы 20 қыркүйекте 48 келіге дейінгі салмақта бірінші орынға көтерілді.

Әлемдік рейтингте көш бастады

2025 жылы Әбиба Әбужақынова үшін табысты маусым болды. Ол Будапештте өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алып, Қазақстан дзюдосының тарихындағы маңызды нәтижелердің біріне жетті.

Сонымен бірге 2025 жылғы 20 қыркүйекте Халықаралық дзюдо федерациясының рейтингінде 48 келіге дейінгі салмақ бойынша бірінші орынға көтерілді. Әбиба бұл мәртебені жыл соңына дейін сақтап қалды.