Шон Брэди Шавкат Рахмоновтың дивизионында жеңіске жетті

Жекпе-жек шолушысы

Нью-Джерси штатына қарасты Ньюарк қаласындағы UFC 328 турнирінде жартылай орта салмақтағы маңызды жекпе-жектердің бірі өтті. Октагонда америкалық файтерлер Шон Брэди мен Хоакин Бакли кездесті.

Шон Брэди Шавкат Рахмоновтың дивизионында жеңіске жетті
mmajunkie.usatoday.com

Брэди ММА-дағы 19-жеңісіне жетті 

Үш раундқа жоспарланған айқас толық уақытқа созылды. Төрешілер шешімі бойынша жеңіс Шон Брэдиге берілді. Ол қарсыласын бірауыздан шешіммен ұтып, дивизиондағы жағдайын жақсарта түсті.

Бұл нәтиже Шон Брэди үшін кәсіби ММА мансабындағы 19-жеңіс болды. Енді оның рекорды — 19 жеңіс, 2 жеңіліс. Ал Хоакин Бакли сегізінші рет жеңіліс тапты. Оның қазіргі көрсеткіші — 21 жеңіс, 8 жеңіліс.

Рахмоновтың дивизионында бәсеке күшейіп келеді

Айта кетейік, бұл жартылай орта салмақта қазақстандық жеңілмеген Шавкат Рахмонов та өнер көрсетеді. Қазір Шавкат ауыр жарақатынан кейін қалпына келу кезеңін өткізіп жатыр.

Рахмоновтың кәсіби рекорды — 19 жеңіс, 0 жеңіліс. Ол UFC-дегі чемпиондық белбеуге үміткер басты спортшылардың бірі саналады.

Қазір аталған салмақ дәрежесінің чемпионы — ресейлік Ислам Махачев. Оның рекорды — 28 жеңіс, 1 жеңіліс.