Марат Байқамұров Астанадағы Grand Slam турнирінде "алтынға" таласады (ВИДЕО)

Бокс шолушысы

Астанада дзюдодан Grand Slam сериясына кіретін халықаралық турнирдің үшінші жарыс күні жалғасып жатыр. Таңғы сессиядағы белдесулер қазақстандық жанкүйерлер үшін сәтті өтті.

Марат Байқамұров Астанадағы Grand Slam турнирінде "алтынға" таласады (ВИДЕО)
instagram/@kaz_judoteam

Байқамұров финалға сенімді шықты

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Марат Байқамұров шешуші белдесуге дейін қарсыластарына мүмкіндік бермеді. 2025 жылғы “Қазақстан Барысы” турнирінің чемпионы Grand Slam финалына шығу жолында бес қарсыласын жеңді.

Қазақстандық дзюдошы мына спортшылардан басым түсті:

  • Михейли Бекаури (Қырғызстан)
  • Михал Енджевски (Польша)
  • Симеон Катерина (Нидерланд)
  • Микаэль Коррел (Нидерланд)
  • Вадим Жимбовски (Молдова)

Жартылай финалдағы таза жеңіс

Әсіресе жартылай финалдағы белдесу Мараттың жоғары дайындығын көрсетті. Байқамұров қарсыласын иппонмен жеңіп, таза жеңіс арқылы финалға шықты.

Бұл нәтиже қазақстандық дзюдошының өз жерінде өтіп жатқан беделді турнирде чемпион атануға нақты үміткер екенін дәлелдей түсті.

Марат Байқамұров қатысатын финалдық белдесу бүгін, жарыстың кешкі бөлігінде өтеді. Шешуші блок Астана уақытымен 17:00-де басталады.