Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалына шықты
Жақсылық Ермекұлы Ташкентте өтіп жатқан U15 Азия чемпионатының жартылай финалында Үндістан өкілі Рохит Позинаны жеңді.
Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Жақсылық Ермекұлы ақтық сынға жолдама алды.
Жартылай финалда 35 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Үндістан өкілі Рохит Позинамен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңімпаз атанды. Енді ол алтын медаль үшін өтетін шешуші жекпе-жекте бақ сынайды.
Ташкенттегі турнирге 21 ел қатысып жатыр
Биылғы Азия чемпионаты соңғы жылдардағы ең ауқымды жарыстардың бірі болып отыр. Ташкенттегі құрлықтық додаға Азияның 21 елінен 460-тан астам жас боксшы қатысуда.
Жарыс Asian Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатыр. Бұл ұйым World Boxing құрылымының Азиядағы бөлімшесі саналады.