Жанкүйерлер күткен жеңіс! Қазақ дзюдошысы Grand Slam турнирінде топ жарды (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Астанада дзюдодан Grand Slam сериясына кіретін беделді халықаралық турнирдің шешуші белдесулері өтті. Финалдық кезеңде Марат Байқамұров жанкүйерлер үмітін ақтап, чемпион атанды.

Жанкүйерлер күткен жеңіс! Қазақ дзюдошысы Grand Slam турнирінде топ жарды (ВИДЕО)
instagram/@kaz_judoteam

Финалда Молдова дзюдошысын жеңді

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Марат Байқамұров молдовалық Вадим Гимбовшимен татамиге шықты.

Шешуші белдесу тартысты әрі сақтыққа құрылған күреспен өтті. Екі дзюдошы да қарсыласының қателігін күтпей, белсенді қимылдады. Өз әдісін өткізуге тырысты.

Бірақ финал тағдырын бір нәтижелі әдіс шешті. Қазақстандық дзюдошы “юко” бағасын алып, осы басымдығын соңына дейін сақтап қалды. Осылайша Марат Байқамұров Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирінің алтын медалін иеленді.

Астанадағы жанкүйерлер чемпионды қошеметпен қарсы алды

Grand Slam жарысында топ жарған Марат Байқамұров қазақстандық жанкүйерлерге қуаныш сыйлады.

Айта кету керек, бұл Қазақстан үшін екінші алтын медаль болды. Бір күн бұрын Жалғас Қайролла жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген.