Қазақстан Grand Slam турнирінде үшінші "күміс" еншіледі

Спорт шолушысы

Астанада дзюдодан Grand Slam додасында Қазақстан құрамасы кезекті жүлдесін жеңіп алды. Әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Камила Берліқаш жарысты екінші орынмен аяқтады.

Қазақстан Grand Slam турнирінде үшінші "күміс" еншіледі
instagram/@kaz_judoteam

Финалда ресейлік дзюдошымен белдесті

Камила Берліқаш турнир барысында сенімді өнер көрсетіп, шешуші белдесуге жолдама алды. Финалда қазақстандық дзюдошы ресейлік Элис Старцевамен татамиге шықты.

Алтын медаль үшін өткен белдесу ұзаққа созылған жоқ. Қарсыласы мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, Камила Берліқаш күміс жүлдені қанағат тұтты.

Қазақстан қоржынында сегіз медаль бар

Астанадағы Grand Slam қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы сегіз медаль жеңіп алды.

Турнир чемпиондары:

  • Жалғас Қайролла — 81 келіге дейін;
  • Марат Байқамұров — 100 келіге дейін.

Күміс жүлдегерлер:

  • Талғат Орынбасар — 60 келіге дейін;
  • Камила Берліқаш — 78 келіден жоғары.

Қола медаль иегерлері:

  • Шерзод Давлатов — 60 келіге дейін;
  • Аңсарбек Ғайнуллин — 73 келіге дейін;
  • Айдар Арапов — 90 келіге дейін;
  • Аида Тойшыбекова — 78 келіден жоғары.

Қазақстан өз жерінде нәтижелі өнер көрсетті

Астанада өткен Grand Slam қазақстандық дзюдошылар үшін табысты турнирлердің бірі болды. Ұлттық құрама екі алтын, екі күміс және төрт қола медаль жеңіп алды.