2027 жылғы әлем чемпионаты Лас-Вегаста өтетін болды

Бокс шолушысы

Күрестен әлем чемпионаты 11-19 қыркүйек аралығында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Бұл жарыста 2028 жылғы Олимпиада ойындарына алғашқы жолдамалар сарапқа салынады.

2027 жылғы әлем чемпионаты Лас-Вегаста өтетін болды
sportarena.kz

2027 жылы күрестен әлем чемпионаты АҚШ-та өтеді. United World Wrestling ұйымының мәліметінше, байрақты бәсекені Лас-Вегас қаласы қабылдайды.

Әлем чемпионаты 2027 жылдың 11-19 қыркүйегі аралығында ұйымдастырылады. Бұл турнир тек әлем үздіктерін анықтап қана қоймай, 2028 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама беретін алғашқы ірі жарыстардың бірі болады.

Лас-Вегаста Олимпиада лицензиялары сарапқа салынады

United World Wrestling бекіткен ережеге сәйкес, тиісті салмақ дәрежелерінде жүлдегер атанған барлық балуан Олимпиадаға тікелей жолдама алады. Сондықтан Лас-Вегастағы әлем чемпионаты ұлттық құрамалар үшін төртжылдықтың басты додасына апаратын маңызды кезең болмақ.

2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындары 14-30 шілде аралығында Лос-Анджелесте өтеді.

2027 жылғы басқа әлем чемпионаттары қайда өтеді?

United World Wrestling 2027 жылы әр жас санаты бойынша өтетін әлем чемпионаттарының қалаларын да жариялады.

  • U17 әлем чемпионаты 2-8 тамыз аралығында Иордания астанасы Амманда өтеді.
  • U20 әлем чемпионаты 23-29 тамыз күндері Сербияның Нови Сад қаласында ұйымдастырылады.
  • U23 әлем чемпионаты 18-24 қазан аралығында Румынияның Брашов қаласында өтеді.