"Жұдырықтасқым келмейді": UFC басшысы Чимаевтың жеңілістен кейінгі ұсынысын айтты

Жекпе-жек шолушысы

UFC ұйымының президенті Дана Уайт орта салмақтағы бұрынғы чемпион Хамзат Чимаевтың алдағы жоспарына қатысты пікір білдірді.

"Жұдырықтасқым келмейді": UFC басшысы Чимаевтың жеңілістен кейінгі ұсынысын айтты
fighttime.ru

Чимаев салмақ ауыстыруды қалайды

Дана Уайттың сөзінше, Хамзат Чимаев Шон Стриклендпен өткен жекпе-жектен кейін оған жеке келіп, салмақ дәрежесін өзгерткісі келетінін айтқан.

“Чимаев жекпе-жектен кейін маған келіп: “Мен салмақ көтергім келеді. Енді бұл салмақта жұдырықтасқым келмейді”, — деді. Оның жартылай ауыр салмақта кіммен кездесуі мүмкін екенін әлі ойластырғаным жоқ. Бірақ оның бұл дивизионға ауысуы қызық болары анық”, — деді Уайт баспасөз мәслихатында.

Чимаев алғашқы жеңілісіне ұшырады

Еске салайық, 11 мамырға қараған түні Хамзат Чимаев UFC орта салмақ чемпиондық белбеуі үшін өткен айқаста Шон Стриклендке есе жіберді.

Жекпе-жек толық бес раундқа созылып, төрешілердің бөлек шешімімен Стриклендтің жеңісімен аяқталды.

Бұл нәтиже Хамзат Чимаев үшін кәсіби мансабындағы алғашқы жеңіліс болды. Бұған дейін ол 15 рет жеңіске жеткен еді.

Ал Шон Стрикленд мансабындағы 31-жеңісін тіркеді. Оның еншісінде жеті жеңіліс бар.