Қазақстан Өзбекстанды ойсырата жеңіп, Азия чемпионатының финалына шықты (ВИДЕО)
Диана Нәдірбек Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды.
instagram/@boxingkazakhstan
Жартылай финалда 5:0 есебімен жеңді
U17 жас санатында 75 келіге дейінгі салмақта бақ сынап жатқан Диана Нәдірбек жартылай финалда өзбекстандық Лобар Шаймоновамен жұдырықтасты. Жекпе-жек барысында қазақ қызы айқын басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті — 5:0.
Бұл жеңістен кейін Нәдірбек құрлықтық біріншіліктің финалына өтті. Енді Азия чемпионатының алтын медалі үшін рингке шығады.
Ширек финалда қарсыласын нокдаунға жіберген
Айта кетейік, Диана Нәдірбек бұған дейін ширек финалда вьетнамдық Бао Нган Луонгпен кездескен. Сол кезде жекпе-жекті алғашқы секундтардан-ақ белсенді бастап, бірінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Осыдан кейін төреші айқасты мерзімінен бұрын тоқтатты.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet