Үшінші қазақстандық жас боксшы Азия чемпионатының "алтыны" үшін жұдырықтасады (ВИДЕО)
Хатшепсут Сәдуақасова Ташкентте жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды.
Жартылай финалдағы айқын басымдық
Сәдуасақова Өзбекстан астанасындағы құрлықтық біріншілікте U17 жас санатында 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатыр. Ол жартылай финалда иорданиялық Рим Алмарахимен кездесті. Жекпе-жекте қарсыласынан басым екенін дәлелдеп, айқын жеңіске жетті.
Осы жеңістің арқасында Хатшепсут Сәдуасақова Азия чемпионатының финалына өтті. Енді ол турнирдің алтын медалі үшін рингке көтеріледі. Сонымен қатар құрлықтық додада кемінде күміс жүлдені қамтамасыз етті.
Қазақстан құрамасының финалдағы өкілдері көбейіп келеді
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының өкілдері Балым Ғабитқызы мен Аяулым Оспанова Азия чемпионатының финалына шыққан.
Ташкенттегі турнирде қазақстандық жас боксшылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына алтын жүлде салуға жақын тұр.