Данияр Елеусінов Дана Уайттың лигасында қашан дебют жасайды?

Спорт шолушысы

Мерей Ақшаловтың айтуынша, қазіргі таңда келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр.

Данияр Елеусінов Дана Уайттың лигасында қашан дебют жасайды?
Bizmedia.kz

Қазақстандық боксшы, IBO нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов ұзақ үзілістен кейін рингке қайта оралмақ. Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов "Студия бокса Виктора Ялымова" арнасына берген сұхбатында осыған қатысты мәлімдеме жасады. 

"Елеусінов Дана Уайттың Zuffa ұйымымен келісімшартқа отырды. Маусым айында жекпе-жек өткізуі керек сияқты. Қазір дайындалып жатқан секілді", – деді Ақшалов.

Бұған дейін Елеусіновтің TKO Boxing лигасымен келісімшарт жасасқаны белгілі болған еді. Бұл жоба кәсіби бокс нарығында жаңа формат ұсынуға ниетті ұйымдардың бірі ретінде аталып жүр.

Соңғы жекпе-жек

Данияр Елеусінов соңғы рет рингке өткен жылдың шілде айында шықты. Вашингтонда өткен кездесуде қазақстандық боксшы филиппиндік Джеймс Бэконды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2018 жылдың 28 сәуірінде өткізді. Қазіргі таңда оның еншісінде 13 жеңіс бар. Соның сегізін қазақстандық боксшы нокаутпен аяқтаған.