Қазақстандық боксшы түрікменстандықты нокаутпен жеңіп, Азия чемпионатының финалына шықты (ВИДЕО)
Ташкентте жасөспірімдер арасындағы U15 және U17 санатындағы Азия чемпионаты мәреге жақындап келеді.
Мерзімінен бұрын жеңіс
U17 жас санатында бақ сынап жатқан Әмір Мұхит жартылай финалда Түрікменстан өкілі Избирмухаммет Муратдурдуумен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек толық қашықтыққа созылған жоқ. Қазақстандық бокшы қарсыласынан айқын басым түсіп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша Мұхит Азия чемпионатының финалына шықты. Ал Түрікменстан боксшысы жарысты қола медальмен аяқтады.
Алтынға таласады
Әмір р Мұхиттің бұл жеңісі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Азия біріншілігіндегі табысты өнерін жалғастырды. Енді отандасымыз финалда чемпиондық атақ үшін шаршы алаңға шығады.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Өзбекстан астанасында өтіп жатыр. Турнир Asian Boxing ұйымының аясында ұйымдастырылған. Бұл ұйым — World Boxing құрылымына кіретін Азиядағы бокс ұйымы.
Биылғы құрлықтық дода соңғы жылдардағы ең ауқымды жарыстардың бірі болып отыр. Чемпионатқа Азияның 21 елінен 460-тан астам жас боксшы келді.