Сабыржан Сағым Азия чемпионы атағына таласады (ВИДЕО)

Футбол шолушысы

Қазақстандық боксшы Ташкентте жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды.

Сабыржан Сағым Азия чемпионы атағына таласады (ВИДЕО)
Instagram/@boxingkazakhstan

Сағым жекпе-жекті толық бақылауда ұстады

U-17 жас санатында 80 келіден жоғары салмақта өнер көрсетіп жүрген отандасымыз жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Джунсонг Киммен кездесті.

Айқас барысында Сабыржан Сағым қарсыласына өз жоспарын жүргізуге мүмкіндік берген жоқ. Қазақстандық боксшы рингте сенімді қимылдап, жекпе-жек қарқынын өз бақылауында ұстады. Кездесу қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Сағымға берді. Есеп — 5:0.

Қазақстандық боксшы алтын медальға таласады

Осы жеңістен кейін Сабыржан Сағым құрлық біріншілігінің финалына шығып, енді алтын медаль үшін шаршы алаңға көтеріледі.

Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Ташкент қаласында World Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатыр. Жарыс екі жас ерекшелігі бойынша — U-15 және U-17 санаттарында ұйымдастырылған.

Турнир 15 мамырда аяқталады. Қазақстан бұл додаға төрт құрамамен қатысуда: екі жас санатындағы ұлдар және қыздар командалары ел намысын қорғап жатыр.