Қазақстан Испаниядағы турнирге 16 дзюдошы жібермек

Бас редактор

Құрамға 2025 жылдан бері жарысқа қатыспаған Ғалия Тынбаева да енді.

Қазақстан Испаниядағы турнирге 16 дзюдошы жібермек
offside.kz

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Испанияда өтетін European Open халықаралық турниріне қатысады. Турнир 16-17 мамыр күндері Бенидорм қаласында ұйымдастырылатын жарыста ел намысын 16 спортшы қорғайды.  

Ғалия Тынбаева татамиге қайта оралады

Бұл турнирдің басты жаңалықтарының бірі — Ғалия Тынбаеваның құрамға қайта қосылуы. 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық дзюдошы 2025 жылдан бері халықаралық жарыстарға қатыспаған.

Тынбаева — Астанада өткен Grand Slam турнирінің жеңімпазы, Португалиядағы Grand Prix жарысының күміс жүлдегері және Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. Ол құрлық біріншілігіндегі соңғы медалін 2025 жылы Бангкокта өткен Азия чемпионатында иеленді.

Ерлер құрамасының тізімі

Қазақстан ерлер құрамасы бірнеше салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

  • 60 келіге дейін:

Айдар Қарғұлов, Асылхан Зинуллин, Нұрдәулет Мирамбеков

  • 66 келіге дейін:

Мейірбек Байзақов, Ақжігіт Насыр, Нұрмұхамет Ботабай

  • 73 келіге дейін:

Бақытжан Абдурахманов, Дастан Шаяхметов

  • 81 келіге дейін:

Айғали Қалдыбек

  • 100 келіге дейін:

Әділет Сапарғалиев

  • 100 келіден жоғары:

Мәди Еділбаев

Әйелдер құрамасының тізімі

Әйелдер арасында Қазақстан намысын бес дзюдошы қорғайды.

  • 48 келіге дейін:

Ғалия Тынбаева, Зарина Хуснадин

  • 57 келіге дейін:

Ботагөз Әділханова, Інкәр Төлепбергенова

  • 63 келіге дейін:

Ханзада Қайратова.