Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали Қазақстан кубогының финалына шықты (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Грек-рим күресінің өкілі Айдос Сұлтанғали Алматыдағы Қазақстан кубогында финалға жолдама алды.

Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали Қазақстан кубогының финалына шықты (ВИДЕО)
NUR.kz

Алматыда кілең мықтылар жиналды

Almaty Arena кешенінде күрестен Қазақстан кубогы өтіп жатыр. Турнирде 60 келіге дейінгі салмақта бақ сынап жатқан Айдос Сұлтанғали өз мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ол жарыстың бастапқы кезеңдерінде Шымкент өкілдерін айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға шықты. Ал шешуші белдесуге бір қадам қалғанда астаналық Айбек Айтбековпен кездесті.

Бұл белдесуде сенсация тіркелген жоқ. Ұлттық құраманың тәжірибелі өкілі қарсыласына бірде-бір ұпай алуға мүмкіндік бермей, 8:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Айдос Сұлтанғали Қазақстан кубогының финалына өтті.

Финалда кіммен күреседі?

Сұлтанғали алтын медаль үшін өтетін белдесуде Алматы облысының өкілі Ербол Қамалиевпен кездеседі. Финалдық айқас 60 келіге дейінгі салмақтағы басты тартыстардың бірі болмақ.

Айдос Сұлтанғали туралы мәлімет

Туған күні: 7 ақпан 1996 жыл
Туған жері: Қызылорда
Жеке бапкері: Ғабиден Райымбек
Күрес түрі: грек-рим күресі
Салмағы: 60 келі

Негізгі жетістіктері: 

Айдос Сұлтанғали — Қазақстан грек-рим күресіндегі ең тәжірибелі спортшылардың бірі. Ол жасөспірімдер мен жастар деңгейінде Азия біріншіліктерінде топ жарып, кейін ересектер арасында да халықаралық аренада тұрақты нәтиже көрсетті.

Сұлтанғали мансабында Азия чемпионы атанып, әлем чемпионаттарында жүлде алған. Сонымен қатар 2025 жылғы әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

2023 жылғы Азия ойындарына және 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан.

Қазір Айдос Сұлтанғали әлемдік рейтингте:

60 келіде — 3-орында
63 келіде — 35-орында