Нұрислам Бақтыбаев Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Қазақстандық жас боксшы Ташкентте жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында топ жарды.

Нұрислам Бақтыбаев Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды (ВИДЕО)
instagram/@boxingkazakhstan

U-15 санатында ұлттық құрама намысын қорғаған Бақтыбаев финалда өзбекстандық Бобурмирзо Муродовпен жұдырықтасты. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен шешуші жекпе-жекте қазақ боксшысы төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Нұрислам Бақтыбаев 15 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия чемпионы атанды. Ал Бобурмирзо Муродов турнирдің күміс жүлдесін иеленді.

Айта кетейік, World Boxing ұйымы аясында ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатыр. Жарыс 15 мамырға дейін жалғасады. Ертең 17 жасқа дейінгі боксшылар арасында финалдық кездесулер өтеді.